Астанадағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

Астанадағы  ғылыми-практикалық  конференцияға  қатысу

Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі С.И.Қалкенов 12 қазан күні  Ы.Алтынсарин  атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен  «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.  Ол конференциядан білім берудегі жаңашыл көзқарастармен танысып,  әлемдік жаһандану жағдайында білім беру дамуының жаңа мүмкіндіктері туралы көп мағлұмат алып қайтты. 

Дата: 23.10.2018, 15:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш