"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. 10 криитерий бойынша бағаланды. Байқау қатысушысы 7 мектеп-гимназияның мұғалімі Исабаева А.Т. 2 лицейдің 3 сыныбында математика пәнінен, "6 ның көбейту және бөлу" тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында оқушылар топта, жұпта және жекелей жұмыс жасап өз білімдерін толықтырды. Сабақта мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашып алып, әр тапсырмаға нақты криитерий мен уақыт беріліп отырды.Мұғалім оқушылардың топта жұмыс жасау ерекшелігін жақсы көрсете білді.

Дата: 18.10.2018, 9:40 Автор: Школы и сады г. Балхаш