"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. 10 криитерий бойынша бағаланды. Олар: сабақ барысында функционалдық сауаттылықты дамыту мүмкіндігі, тиімді кері байланыс жасай алу, мұғалімнің шеберлігі, сабақтың тәрбиелік мәні т.б. Байқау қатысушысы 24 орта мектептің мұғалімі Балмағанбетова Г.Е. 2 лицейдің 2 сыныбында жаратылыстану пәнінен, "Жануарлардың тіршілік үшін күресі" тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында оқушылар топта, жұпта және жекелей жұмыс жасап өз білімдерін толықтырды. Жаратылыстану пәнінің негізгі ерекшелігі зерттей білу, осы орайда мұғалім зерттеу жұмысын ұтымды пайдалана білді.

Дата: 18.10.2018, 9:37 Автор: Школы и сады г. Балхаш