"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. Осы орайда 16 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдері іс-шараның алғашқы күнін бастады. 5 ашық сабақ көрсетілді. Комиссия тарапынан әр сабақ 10 критерий бойынша бағаланды. Олар: сабақ барысында функционалдық сауаттылықты дамыту мүмкіндігі, тиімді кері байланыс жасай алу, мұғалімнің шеберлігі, сабақтың тәрбиелік мәні т.б. Байқау қатысушысы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Игнатенко А.В. №17 мектеп-лицейдің 3 А сыныбына математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ балалармен танысудан басталып, ұйымдастыру жұмыстары ортақ тақырыпты қамтыды. Қазір білім мазмұнына сəйкес жетелеуші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты оқушылар өздері аша білді. Əрбір орындалған тапсырма қорытындыланып, бағаланып отырды. Қалыптастырушы бағалауға сабақ соңында тапсырма беріліп, жетістік критерийі ұсынылды. Оқушылар өзара бірін- бірі бағалап, мұғалім тарапынан кері байланыс берілді. Сабақ мақсатына жетуде топтық, жұптық, жекелей жұмыстар жүргізілді. Ұстазға байқаудың келесі кезеңінде сәттілік, табыс тілейміз!

Дата: 18.10.2018, 9:20 Автор: Школы и сады г. Балхаш