Тамыз кеңесі аясында информатика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы

29.08.2018 жылы, С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы тамыз кеңесі аясында информатика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті. Секциялық отырыста бүгінгі күнің өзекті мәселелері талқыланды. Атап кетсек, информатика пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының іске асырылуы жолдарын №15мектеп – лицей мұғалімі Омаров С.К. мен №8 орта мектеп мұғалімі Химиран Р талқыласа, «Робототехника білімі негізінде оқушылардың ойлау қабілетімен техникалық дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында №16 мектеп мұғалімі Надирбеков А.Б шебер сынып өткізді. «Информатика пәнінің ағылшын тілінде берілу» бөлімі пікірталас түрінде өткізіліп, әр түрлі өзекті ойлар ойлар ортаға салынды. Секциялық отырыста биылғы оқу жылында информатика пәні бойынша өткізілетін вариативті курстарға бағыттар мен бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар мұғалімдер өздерінің білімдерін жетілдіру мақсатында апта сайын әр түрлі тақырыпта қалалық он – лайн түрінде семинарлар, коучингтер ұйымдастырып, білімдерін жетілдіретін болды.

Дата: 3.09.2018, 9:20 Автор: Школы и сады г. Балхаш