Біз туралы

      

              Абай атындағы №2 лицей  1932 жылы құрылған. Лицей бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын  жүзеге  асырады. Жаратылыстану-математика профилі бағытында білім береді. Оқыту тілі - қазақ тілі. Бүгінгі таңда лицейде 910 оқушы білім алуда. Педагогикалық ұжымда - 76мұғалім бар. Оның жоғары санаттысы 18, бірінші санаттысы 22, екінші санаттысы 17, санатсызы 9, сапалық құрам 52%-ды құрайды. Педагог-зерттеуші – 4, педагог-сарапшы – 2, модератор – 4,  

             Лицейде 28 оқу кабинеті, «Руханият» мұражайы, этномәдени орталық, Абай залы, 150 орынды акт залы, спорт залы, 130 орынды асхана бар. Лицей кітапханасында   кітап қорында 47359 дана кітап бар, оның  26075 данасы оқулық, 16472 данасы  көркем әдебиеттер. 2015 жылдан «Bilimal» электронды мектебінде және 2017 жылдан «Bilimland» порталында жұмыс жүргізіліп келеді. Лицейде 2 компьютерлік сынып бар. Жалпы компьютерлер саны - 89, жаңа модификацияланған кабинеттер - 5 (химия, физика, биология, информатика, орыс тілі және әдебиеті), LCD подиум - 2, ПИК – 11. Интернет желісі  орнатылған.

            Лицейімізде оқушылардың қызығушылығына байланысты сыныптан тыс уақытта жүргізілетін үйірмелер: вокал, дебат, жас құтқарушы, физика қоғамдық ортада, компютерлік сауаттылық, робототехника, болашақ инженерлері, шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, логика, интеллектум т.б. үйірмелер жұмыс жасайды. 

          2011 жылы лицей жанынан «Нұрбөбек» мектепке дейінгі шағын орталығы ашылған. Орталықта 3-5 жас арасындағы  68 бүлдіршін тәрбиеленуде.