«Жаңартылған білім мазмұны: тәжірибе, өзекті мәселелер, шешімдер»

   16-26 қаңтар аралығында ҚГ бірлестіктің  «Жаңартылған білім мазмұны:  тәжірибе, өзекті мәселелер, шешімдер» тақырыбында онкүндік өткізілді.Онкүндіктің мақсаты: білім беру саясаты әлемдік білім беру кеңістігіне енуді көздеп отырған кезеңдебілім беруді нәтижеге бағдарлау, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау; оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеудежаңа инновациялық әдістердің қолданылу аясын кеңейту.

Міндеттері:

1.     Оқушыларды  өздігінен білім алуға және  білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге дағдыландыру;

2.     Шығармашылыққа  бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру;

3.     Жас  мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру;

4.     Рухани -адамгершілік құндылықтарды дамыту;

16.01.2019.Онкүндіктің салтанатты ашылуынан кейін оқушылар мен ұстаздар «Сәкеннің өшпес мұрасы» атты кітаптар көрмесін тамашалады. Онкүндік бойы «Желаяққа тез жауап» танымдық ойыны жүргізілді.Мектеп дәліздерінде кездескен «Желаяқтың» сұрақтарына тез, анық, толық жауап беру талап етілді. Шартты дұрыс орындаған оқушыға немесе ұстазға тәтті сыйлық берілді. Ал онкүндік бойынша жүргізілген  «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылыоқушылар мен ұстаздар жаңартылған білім мазмұны бойынша өтіп жатқан сабақтар мен өзгерістер туралы өз  көзқарастарымен бөлісті. Ол үшін ойларын, көзқарастарын  параққа жазып, сандықшаға салды. Бұл ойын жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушылар мен ұстаздар

арасындағы  жалпы рефлексия немесе кері байланыс іспетті болды.

Үштілділікті насихаттайтын сыныптан тыс шаралар, ағылшын  тілі күні өткізілді.

Ағылышын тілі пәнінің мұғалімдері  Смағұл А.А, Жақсыбекова Ә.С «Who is the best?»,  «Do you know English?» 5 «А», 6 «А»,  6 «Ә» сыныптар арасында интеллектуалды сайыстар  өткізді. Айыс өте қызықты ұйымдастырылған. Екі сынып оқушылары ағылшын тілін  меңгеру деңгейлері бойынша тең түсті. 6 «А» сыныбымен «Our health. Healthy service around the world» тақырыбында  Жақсыбекова Ә.С ашық сабақ берсе, 3 «Ә» сыныбымен   «Music and musical instrument» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Мұғалімдер сабақ барысында жаңартылған білім мазмұнының талаптарына сай сабаққа дайындықтары мен тіл үйретуде жеткен жетістіктерін көрсетті.

«Тарихи тағылымы»   атты сайыс10-11 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімі Макыш Т.Т өткізді. Оқушылар тарихтың терең қойнауына сүңгіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын да ортаға салды. Сонымен қатар,    5 «Ә»  сыныбында тарих пәнінен «Тасмола археологиялық мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша төмендегідей іс-шаралар мен ашық сабақтар өткізілді:

1.     «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» танымдық кеш, 8 «А» сынып, Адамбаева Б.Т. Оқушылар дайындаған презентациялары арқылы І.Жансүгіров, Б.Майлин,С.Сейуллин жайлы мәлімет бере отырып, олардың өмірі мен еңбектерімен таныстырды. Қоғам  қайраткерлері болған арыстай ер азаматтарымыздың ақын -жазушыларымыздың  шығармаларын оқып үйренуге шақырды. Төменгі сынып оқушыларының қызығушылықтарын оятты.

2.     «Алаштың аспанынан ағып түскен жарық жұлдыз – Сәкен Сейфуллин» дөңгелек үстел,10 «А» сынып, Ибрайбекова А.Н.

3.     «Сәкен –жырдың сарқылмас дариясы» ашық сынып сағаты, 6 «А» сынып, Имангалиева Ж.М.

4.     «Қожаның қиялы», ашық сабақ,  5 «А» сынып,  Адамбаева Б.Т.

5.     «Күңіреніп көкірегі нар қобыздай...» (М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы) ашық сабақ,  7 «А» сынып,  Имангалиева Ж.М.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің өткізген іс-шаралары мен ашық сабақтары:

1.     «Путешествие в страну русского языка и литературы» интеллектуалды  сайысты орыс тілі мұғалімі Даниярова Т.Г өткізді

2.     «Литературное ассорти» викторинасы, 6 «А», «Ә», Абитаева Н.М.

3.     «Древнекитайская цивилизация» , ашық сабақ, 6 «А», Абитаева Н.М.

26.01.2019. Онкүндіктің жабылуында  5-11 сынып оқушылары «Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар» тақырыбында полиглоттар өнерлерін көретіп, үш тілде ән салып, би билеп  ән-шашумен аяқтады.