Размер шрифта:

Үштілділік – заман талабы

Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтіні ақиқат. Себебі көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік.  Көптілді меңгерген, өзін- өзі әлеументтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Ағылшын тілін үйрететін топтар, үйірмелер ашылуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың « Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр.  Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірбие жүзінде іске асыру  бүгінде отандық мектептен  маманның шығармашылық өзін – өзі  жетілдіру саласын дамытуға,  мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсендігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде  енгізу бағытталған көптілді  білім беруді енгізуді талап етеді.

Қазіргі кезде маманның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: « Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қазет» - деп, Еуропадағы мептеп  оқушылары мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті.