Қамқоршылық кеңесі

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

 

 

Қамқорлық кеңестің қайырымдылық шаралары

 

Оқу жылының басында сайланған ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі Қамқорлық Кеңесінің мүшелері үнемі аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларына көмек көрсету жолдарын қарастырып, көмек беруді ұйымдастыруда. Қамқорлық кеңесі  мектептің әлеуметтік педагогы, сынып жетекшілерімен бірлесе шағын аудан бойынша рейдтік тексерулерге шығып, аз қамтылған, көп балалы жанұя балаларын анықтап, оларға көмектесу үшін демеушілер іздестіру жұмыстарын жүргізді.

      Қамқоршылық кеңестің наурыз айындағы отырысында  кеңес мүшелері көп балалы 20 отбасыларға  көмек көрсетуді ұсынды.  Кеңес мүшелері ұсынысты қабылдап, қолдау көрсетті. Бұл жұмысты Қамқорлық кеңесінің мүшесі Мәден Таңатар ұйымдастырды. Мектеп атынан «Мир детства» атты балаларға қамқорлық қорының Президенті Ю.Н.Полоховқа хат жолданды. Нәтижесінде 13 сәуір күні Қарағанды қаласынан «Мир детства» қамқорлық қорының Президенті Ю.Н.Полохов қаламызға келіп, мектебіміздің 20 көпбалалы отбасына, сол отбасылардағы 77 балаға көмек берді. Оларға киім-кешек, оқу құралдары таратылды.

        Бұл іс-шараны Қамқорлық кеңесі ай сайынғы өткізілетін қайырымдылық шаралардың күнтізбесі бойынша жүргізіліп жатқан «Шашу» акциясы аясында өткізді.  Ата- аналар  бұл игі істі ұйымдастырушы Қамқорлық кеңесі мүшелеріне және  «Мир детства» атты балаларға қамқорлық қорының Президенті Ю.Н. Полоховқа ризашылықтарын білдірді.

Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда.