Басты беті

 

"Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп"КММ-нің сайтына қош келдіңіздер!

 

 Мектеп директоры

Жумашева Меруерт Жанабековна

 

Ұлтымыздың біртуар азаматы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген екен. Бұл тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны белгілі. Ол үшін заман талабына сай біліммен қаруланған жас ұрпақ қажет.

Жалпы, жаңартылған білім беру бағдарламасы арқылы мұғалімдерге қалыпты сабақ өткізу әдіс тәсілдерін жаңаша әдіс тәсілдерге ауыстыруды, әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, өз ойларын анық және еркін жеткізе алатын озық ойлы азамат қалыптастыру міндеті мойнымызда тұр. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, өсіп келе жатқан жас ұрпақты сапалы білім нәрімен сусындату - біздің қолымызда.

Бұл сайттан  мектеп өміріндегі жаңалықтардан хабардар бола отырып,  білім нәрімен сусындатып жүрген аяулы да ұлағатты  ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің өлшеусіз еңбегінің куәгері боласыздар.  

 

 

l;lk;