«Тарих-ғасырлар куәсі» атты зияткерлік ойын
11-02-2019 00:33
«Тарих-ғасырлар куәсі» атты зияткерлік ойын

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында тарих және қоғамдық пәндер апталығы аясында Ж.С.Накипбекованың ұйымдастыруымен «Тарих-ғасырлар куәсі» атты зияткерлік ойын, ашық сабақ және Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, мектебіміздің математика пәні мұғалімі Адильбекова А.А. мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шәрбекова Г.Қ. кездесу өткізді. Оқушылар өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, ел Тәуелсіздігінің алтын діңгегі ұлттық тарихымызда жатқандығын өздерінің ұтқыр жауаптарымен, ұшқыр ойларымен дәлелдей білді.