Бала құқығы-адам құқығы
12-12-2017 02:38
Бала құқығы-адам құқығы

 

    «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» бойынша 20-30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы » атты республикалық онкүндік іс-шара өткізілді.

Іс-шара мектептің әлеуметтік педагогінің ұйымдастыруымен онкүндіктің өткізілу туралы жоспары құрылып, бекітілді. «Балаға мейірімді Қазақстан!» ақпараттық стенд әзірленді.

Онкүндік өту барысында 20.11.2017ж. күні «Өз құқығымызды білеміз бе?» атты насихат бригадасының бастауыш сыныптар-мен  кездесуі өтті. Насихат бригадасы бастауыш сынып оқушыларына құқық туралы мәліметтер берді. Сонымен қатар, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтар қойып, ақпараттар берді.Тәлімгер Ж.Тұяқова мен бастауыш сынып жетекшілері оқушылардың шараға толықтай қатысуын қамтамасыз етті.