Хаттама № 5 "ЖББ М. П. Русаков атындағы № 2 санаторлық мектеп-интернаты" КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Дата: 2019-05-03 15:00:57
Хаттама № 5

   03.05.2019                                                                         

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Жыл бойы мектепте  атқарылған жұмыстар есебі - мектеп директоры П.С.Жамшыбаева

2. Жаз - 2019 жазғы балалардың демалысына дайындық барысы

3. Әртүрлі

Қатысқандар: Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, қамқоршылық кеңесі мүшелері  - 9 адам, мектептің ата-аналар комитетінің мүшелері, әкелер және аналар кеңесі мүшелері – 32 адам.

1. Тыңдалды:

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры П. С. Жамшыбаева сөз алып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Нақты айтқанда мектепте 396 бала оқиды , оның ішінде 7 жетім бала, 66 аз қамтылған, 47 көпбалалы жанұя балалары бар. Оқу жылы бойы осы санаттағы оқушыларға  демеушілер  және де Қамқоршылық кеңесі мүшелері жүргізген насихаттау жұмыстарының  аясында көмек  көрсетіліп отырды. Өткен 2018 жылғы «Мектепке жол - 2018» акциясы да   жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 66 оқушы киім –кешекпен , оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Жаңа – Жыл мерекесі қарсаңында демеушілердің көмегімен мектептің алды және спорт залы  өте жоғары сапада безендірілді, және де 1-4 сыныптар оқушылары, жетім балалар, аз қамтылған , көпбалалы отбасының балалары тәтті сыйлықтармен толықтай қамтылғанын айтты. Және де  ұлттық мерекеміз Әз Наурыз мейрамында да ата-аналардың және де Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің  көмегімен мерекеміз  өте жоғары деңгейде өтті деп баса айтты. Қамқоршылық  кеңесі мүшелері  мектепте өткен әрбір дәстүрлі іс-шараларды, акцияларды ұйымдастыруға  белсенді қатысып, ауқымды  қолдау көрсетіп отырды дей келе  алғысын білдірді.

2. Екінші мәселе бойынша  ата-аналар комитетінің төрайымы А. Сейтимбетова сөз алып атқарылған жұмыстар ауқымды, әлі алдымызда оқушылардың жазғы демалысы келе жатқанын айтып, осы мәселе өте күрделі, сондықтан оқушыларымыздың жақсы, толыққанды демалуына жағдай жасап, дайындалуымыз керек  деді.

ШЕШІМ :

1. Мектеп директоры П. С. Жамшыбаеваның жылдық  есебі қанағаттандырарлық деп саналсын.

2.  Жазғы демалысты  ұйымдастыруда ата-аналар комитеті, әкелер кеңесі, аналар кеңесі мүшелерінің  қатысуымен отырыс өткізіліп, жоспарды талқылап, жоғары деңгейде өткізу жауапкершілігі  жүктелсін.

Кеңес мүшелері: 

  1. Кеңес төрайымының орынбасары - Д. Сейтқалиева
  2. Маканалин  Т. И.
  3. Крюков С. А.
  4. Игенова Ж.
  5. Муслимов А.К.
  6. Жуматаев Б.
  7. Қуатбеков Қ.
  8. Есенова Г. О.

   

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы                                       А.Ахмедина

Хатшы                               М.Н.Сулейменова