Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай...

Дата: 2019-04-28 12:22:33
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай...

28 сәуір кезекті «Демалыс  күн» клубында  қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, академик ғалым, Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің және отандық металлогения ғылымының негізін салушы, қоғам қайреткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  туғанына 120 жыл толуына арналған  танымдық сағат өтті. Мектеп кітапханасында шыққан «М. П. Русаков атындағы мектеп мұражай» атты кітаптан Русаков пен Сәтбаев  арасындағы достық қарым-қатынас туралы жазылған бөлімімен танысып, соңында «Қаныш Сәтбаевтың жастарға өсиеті» оқылып, оны балалар қалайша түсінді деген сөз қозғалып пікір алысты.