Бастауыш сынып оқушыларының арасында "Тіл білгірі" үш тілде лексиканы білу конкурсы өткізілді...

Дата: 2019-02-27 22:45:05
Бастауыш сынып оқушыларының арасында

«Үш тіл - үш әлем» апталығының аясында бастауыш сынып оқушыларының арасында "Тіл білгірі" үш тілде лексиканы білу конкурсы өткізілді.

Мақсаты: шет тіліне қабілетті оқушыларды анықтау, балалардың өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу үшін мотивациялық алаң құру; ағылшын тілін үйренуге қызығушылықты ынталандыру.

Байқау барысында оқушылардың жауаптары бейнекамераға түсіріліп, бір минут ішінде мүмкіндігінше шет тілінде көп сөздерді айтып шығуымен шектелген. Түсірілімнен кейін бейне материалдарды жауапты тұлғалар қарап, оқушылардың жауаптарының дұрыс айтылуына, сонымен қатар аталған сөздер санын есептеп, бағалады. Дұрыс айтылмаған сөздер есепке алынған жоқ.  Сөздер түрлі тақырыптарда болды, ешқандай қатаң шектеулер болған жоқ. Дегенмен, балалар бұл тапсырманы әртүрлі тәсілдерде орындады. Біреуі ағылшын тілінде жай сандарды атаса, басқасы сөздерді ғана емес, тіпті сөз тіркестері мен сөйлемдерді де үш тілде айтып шықты. Барлығы бастауыш сынып оқушыларының арасында байқауға 10 оқушы қатысты. Барлық оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.