Үш тілде оқыту тиімділігі бойынша ата-аналар мен оқушылардан алынған сауалнама бойынша ақпар

Дата: 2018-12-12 09:38:42
Үш тілде оқыту тиімділігі бойынша ата-аналар мен оқушылардан алынған сауалнама бойынша ақпар

  Желтоқсанның  4-і күні 8 сынып оқушыларынан, ата-аналарынан  үш тілде оқыту тиімділігі бойынша ата-аналар мен оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама мақсаты оқушылардың  қанағаттану деңгейін, ағылшын тілінде сабақ беру сапасын, сонымен қатар оқушылардың тілді білу деңгейін анықтау. Ағылшын тілінде жүргізілетін пәндер туралы ата-аналардың ойын білу.

Оқушылардың көбі ағылшын тілінде білім алуларына жартылай қанағаттанады. 70% оқушы мұғалімнің ағылшын тілін меңгеруін жақсы деп бағалаған. Ағылшын тіліндегі оқу-әдістемелік материалдар әлі де жеткілікіз, бірақ болашақта жақсарады деп үміттенеді. Ағылшын тілінде білім алу өте қызықты және білімінің жақсарғанын байқаған.

Ата-аналарға балаларының ағылшын тілінде білім алуы өте қызық. Балаларының мектеп қабырғасында ағылшын тілін 50-70 %ға меңгергенін қалайды. Үлкен үміт күтетінін жазған.