«Кітап- білім бұлағы,білім өмір шырағы»атты қалалық Bookcrossing акциясы

Дата: 2018-12-10 12:13:49
«Кітап- білім бұлағы,білім өмір шырағы»атты қалалық Bookcrossing акциясы

Кітап – тәрбие құралы, кітаптің бала тәрбиесіне, психалогиясына тигізер әсері мол. Әдеби шығарманың балаға берері өте көп.Ал көркем шығарманы оқу - өмірді тану.Оқыған кітабы баланың жан дүниесіне әсер етпей қоймайтыны белгілі.Кітап арқылы бала іштей өзін-өзі тәрбиелеп, жақсы мен жаманды айыруға үйренеді.Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, Кітапқа деген қызығушылықтарын  арттыру мақсатында«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» ескерткіші алаңында  8 желтоқсан күні «Кітап- білім бұлағы,білім өмір шырағы»атты қалалық Bookcrossing акциясы өтті.Акция №9 орта мектеп пен №10 мектеп кітапханашыларының  ұйымдастыруымен өтті.Аталмыш  шараға  қала кітапханашылары мен оқушылар қатысты.Шара  барысында оқырмандар кітаптың пайдасы туралы өз ойларымен бөлісіп,кітап туралы тақпақтар айтты.

Автор: №9 ОМ