Мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы жайлы ақпарат 2018-2019 оқу жылы

Дата: 2018-10-31 16:25:41
Мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы жайлы ақпарат  2018-2019 оқу жылы

2018 – 2019 оқу жылына  ҚР  Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес 26 қазан және 1 қараша аралығында 8-11 сынып оқушыларының Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихыорыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, география, информатика, тарих, құқық, бойынша мектепішілік олимпиадасы өткізілді.Осыған орай комиссия мүшелері тағайындалып, директордың бұйрығымен бекітілді. 8-11 сынып оқушыларының арасында мектепішілік пәндік олимпиадаға қатысуға 70 оқушы іріктелініп алынды. Мектепішілік олимпиаданың өткізілу кестесі, өткізілетін кабинеттер, кезекшілер және бақылаушылар бекітілді. Мектепішілік олимпиаданың салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Бекмурзаеваға сөз  берілді.  12.00-де басталып, 14.00-де аяқталды. Орын алған кемшіліктер болған жоқ.Негізгі пәндерге арналған олимпиада материалдары алдын – ала жинақталды. 8-11 сынып оқушыларының олимпиада жұмыстары мұқият тексеріліп, олимпиада жеңімпаздары белгіленді.

Автор: №9 ОМ