2018 жылғы 23 сәуір – 8 мамыр аралығында өткен «Қауіпсіз интернет» туралы мәлімет

Дата: 2018-06-06 21:58:54

23-сәуір - 8- мамыр аралығында ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды.Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.Осыған орай мектепшілік жоспар құрылып директормен бекітілді. Аталған науқан өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. 1 – 11 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-11сыныптар арасында «Интернетке тәуелділік?», «Путешествие в страну «Безопасный интернет», «Детям нужен с детских лет безопасный интернет», «Полезный и безопасный Интернет» тақырыбына тәрбие сабақтарын өткізді. Науқан барысында дөңгелек үстелдер, баяндама, дебат балаларға арналған шығармашылық байқаулар, ата-аналардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Автор: №9 ОМ