Республикалық «Жұлдызың жансын!» қашықтықтан интернет-байқауының ақпараты

Дата: 2018-04-16 10:36:13
Республикалық «Жұлдызың жансын!» қашықтықтан интернет-байқауының ақпараты

Республикалық  «Жұлдызың жансын!»  байқауының мақсаты: Байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, талантты және дарынды балалар мен жастарды анықтау.

Байқау Астана қаласы, «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы» ЖШС өткізілді.  Байқауға мектебімізден 10 сынып оқушысы Нургазина Айзат және 5 Б сынып оқушысы Орал Айбар  «Вокал» номинациясы бойынша қатысты.  Нәтижесінде халық әні  «Ақ құм» әнімен  Нургазина Айзат  І орынды иеленсе,  «Тәуелсіздік» әнімен Орал Айбар ІІІ орынды жеңіп алды.

 Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен «Жұлдызың жансын!» интернет-байқауында жүлдегерлерін жоғары дәрежеде дайындаған үшін  жетекшісі Жакупбекова Шайзат Даулетовна дипломмен марапатталды.

Автор: №9 ОМ