Кітапханаға саяхат

Дата: 2018-10-20 09:39:08
Кітапханаға саяхат

   С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапханашылары оқушыларға білімнің кілті кітап арқылы берілетінін, оның адам өміріндегі маңызын ұғындыру, кітапты құрметтеу, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу және кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 1-сынып оқушыларына саяхат ұйымдастырды. Мектеп кітапханашысы Ахметова Магира оқушыларды кітапханадағы айдарлармен таныстырды. Атап айтсақ, «Елбасы бағыты-еліміздің бақыты», «Балаларға базарлық», «Рухани жаңғыру», «Бір ел-бір кітап» атты тақырыптық көрмелерді тамашалады. Балаларға арналған әдеби-көркем оқулықтар, ертегі кітаптар,газет-журналдармен таныстырып, кітап әлеміне саяхат жасатты.

Автор: №7 МГ