Балқаш қаласының білім бөлімі басшысының азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарастыру тәртібі

Дата: 2012-06-11 10:27:09

 

Азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарастыру тәртібі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, «Балқаш қаласының білім бөлімі»ММ-мен азаматтарды жеке қабылдаудың келесі кестесі бекітілді:

 

 

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күні

Қабылдау мекенжайы, уақыты

Агдарбекова Гульмира Женисбековна

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ басшысы

 

сәрсенбі

Уалихан көш., 5 үй,

№2 каб.,

16.00-ден - 18.00-ге дейін

Куанышбаев Айдос Каргулович

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ басшының орынбасаріы

 

                 бейсенбі 

Уалихан көш., 5 үй,

№2 каб.,

16.00-ден - 18.00-ге дейін

 

Азаматтарды кабылдау және өтініштерді қарастыру тәртібі

 

«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі ҚББ) басшысы жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын, бұйрықпен бекітілген кестеге сәйкес өткізеді.

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестеге сәйкес (Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі,5) жұмыс орны бойынша өткiзiледі.

Жеке қабылдау кезінде есепке алынатын жорналда қабылданған тұлғалардың тізімі тіркеледі.

Егер өтiнiштi ҚББ басшысы қабылдау кезiнде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтiнiш ретiнде жұмыс жүргiзiледi.

1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға (ҚББ басшысына) жiберiлуі тиiс.

Жеке қабылдауды ұйымдастыру және тұлғалар мен мекемелердің өтініштерін қарастыруын қамтамасыз ету бөлімнің хатшысы Исабекова Гульдана өткізеді.

2.Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

3.Субъектiге тiкелей жазбаша өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi ҚББ хатшысы Гульдана Исабекова  тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон бередi.

4.Осы Заңда белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.

Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

5. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға келiп түскен өтiнiш үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде бұл туралы арыз берушiге хабарлана отырып, тиiстi субъектiлерге жiберiледi.

6.Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

7.Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

8.Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс.

9.Жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзу және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ic жүргiзудiң басқа түрлерiнен бөлек жүргiзiледi.