Мектептің рәміздері

Мектеп таңбасы

Жер-Анадан аумайтын – мектебімнің таңбасы,

Күн сәулесі ондағы – жылылықтың белгісі.

Болашаққа бағыттар, жаңалыққа бастайтын,

Сары түсім – қуаныш, бірлігімді сақтайтын.

Білім – теңіз, мектебім – кеме дер ем жүзетін,

Айдынынан білімнің маржандарын сүзетін.

Құрметтейміз кітапты – ақыл-ойдың жемісін,

Мектебімнің таңбасы – қасиетті мен үшін!

Мектеп таңбасы– күннің шуағы үлгісінде – бұл мектебіміздің біртіндеп дамуы қозғалысын бейнелейді. Күн сәулесі – жылулық, мейрімділік пен шапағат белгісі.

Таңбаның негізгі түсі – сары қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді.

Мектептің туы

Арманындай Алаштың Туымыз бар ақ түсті,

Күн сәулесі білдірер бейбітшілік, шаттықты.

Найзасы тұр шашақты – ел қорғаны берік деп,

Мектебіміз біліммен алады деп жеңіс тек.

Біздің  туымыз  ақ.   Ақ түс-қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, адалдықтың, әділдіктің белгісі. Үш жүздің басын қосып, аты аңызға айналған айбынды ханымыз Абылайдың туының түсі де ақ болған. Тудың ортасында күннің шуағы-  мектебіміздің біртіндеп дамуы қозғалысын бейнелейді. Күн сәулесі – жылулық, мейрімділік пен шапағат белгісі. Шұғылалы күн сәулесінің ортасында, мектебіміз бейнеленген. Жер шарының бейнеленуі де тегін емес. Қасиетті Жер – Ана - алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдыреттісі. Жер біздің қазынамыз, байлығымыз.

Мектеп Гимны

Әні мен сөзін жазған Қуандық Сәденов

1.Көңілімнің құбыласы,

Өмірімнің шұғыласы.

Алтын ұям – білімнің сен,

Сарқылмайтынқазынасы.

Қайырмасы:

Ғылым, білім нарқын ұға,

Талаптандық әр шыңына.

Бізге ыстық көрінесің,

Мектебіміз алтын ұя.

2.Бастауы сен танымымның,

Тәрбие мен тағылымның.

Кілтін ашып, сырын ұқтық,

Әлемдегі бар ғылымның.

Қайырмасы:

3.Білім – байлық, ұққанымыз,

Мәңгі үлгі ұстазымыз.

Бауыржандай елін қорғар,

Батыр елдің ұрпағымыз.

Қайырмасы: